Қазақстандық үш дзюдошы Астанадағы Grand Slam турнирінің қола жүлдесіне таласады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бақытжан Әбдурахманов (73 келі) ирландиялық Джошуа Гринге қарсы шығады.

Абылайхан Жұбаназар (81 келі) швейцариялық Аурелиен Бонферронимен белдеседі.

Екатерина Токарева (70 келі) ұлыбританиялық Кэти-Жемина Йетс-Браунмен қола медальді сарапқа салады.

Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі