Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі жалғасуда. Бүгін төрт салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады.

Төрт қазақстандық дзюдошы алғашқы айналымнан сүрінбей өтті.

73 келідегі Дархан Қойбағар испаниялық Хосе Олаланы, Бақытжан Әбдурахманов франциялық Максим Гобертті, Дастан Шаяхметов қырғызстандық Мұса Шабданбековті жеңді.

81 келідегі Руслан Мұсаев бірінші кезеңде Медиксон Кортореалланы (Доминикан Республикасы) ұтты.