Түркияда күрестен финалдық лицензиялық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Парижде өтетін Олимпиада ойындарына әлемдік іріктеу Стамбулда өтеді. Ерлер мен әйелдер арасында грек-рим және еркін күрестен Францияда өтетін ойындарға барлығы 54 жолдама сарапқа салынады. Лицензия ұтып алу үшін ТОП-3-ке кіру керек.

Тікелей эфир Астана уақытымен 14:00-де басталады. Трансляцияны qazsporttv арнасынан көруге болады.