Грек-рим күресінен қазақ балуаны Дінмұхаммед Қошқар Стамбулдағы (Түркия) әлемдік іріктеу турнирінде үшінші болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

67 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Қытай атынан шыққан Лей Лиді сенімді жеңді.

Осылайша ол олимпиадалық квота үшін күресу құқығына ие болды. Олимпиада ойындарының жолдамасы үшін ол екінші қола жүлдегермен белдесуді.