Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Астанадағы (Қазақстан) «Үлкен дулыға» турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін белдесуде ол әзербайжандық Ахмад Юсифовтен басым түсті. Сметов медаль мен маңызды рейтингтік ұпайларды жеңіп алды.

Айта кетейік, бұл медаль Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі екінші медаль болды. Бұған дейін Ғалия Тынбаева халықаралық турнирде алтын медаль алған болатын.