Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушеніндегі үшінші жекпе-жегі алдында дайындық лагерінен өту үшін АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық файтердің келесі қарсыласы америкалық Хосе Джонсон болмақ. Оның кәсіпқой ММА-дағы рекорды 16-8. Аралас жекпе-жек шеберлері 15 маусым АҚШ-та UFC Vegas 93 турнирінде кездеседі.

"Біздің команданың жауынгері Асу Алмабаев Kill Cliff залында оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін АҚШ-қа ұшып кетті", - деп хабарлады жауынгердің командасы.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов та дайындық жиындарын Kill Cliff жаттығу залында өткізеді. Алмабаевтың ММА-дағы қазіргі рекорды – 19 жеңіс және 2 жеңіліс.

Соңғы жекпе-жекте қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен Си Джей Вергарадан басым түсті.