Грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали спортқа қалай келгенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Күреспен айналысуды бастаған кезде таңғы жетіде тұрып, жаттығуға баратынмын. Кейде балалықпен анама "жаттығуға бармай-ақ қояйыншы" деп айтатынмын. Ал анам қолдау беріп, массаж жасап, тамағымды дайындап, жаттығуға жіберетін. Жаңбыр, қар жауған кезде анам трассаға дейін арқалап апарып тастайтын», - деді қазақстандық балуан.

Еске салайық, Айдос Сұлтанғали Бішкекте (Қырғызстан) өткен күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген еді. 60 кг салмақта сынға түскен қазақстандық балуан жартылай финалда Тайбэй өкілі Джуи Чи Хуанганы 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.

Қазір Қазақстан қоржынында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар: еркін күрес – 3, грек-рим күресі – 4.