Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үміткерлер арасында 20 футболшы бар:

Алессандро Бастони, Джуд Беллингем, Хакан Чалханоглу, Фил Фоден, Антуан Гризманн, Гримальдо, Серу Гирасси, Эрлинг Холанд, Матс Хуммельс, Гарри Кейн, Йозуа Киммих, Тони Кроос , Лаутаро Мартинес, Килиан Мбаппе, Коул Палмер, Родриго, Букайо Сака, Мохаммед Салах, Бернарду Силва, Винисиус Жуниор.

2023 жылы «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд үздік футболшы атанған. Сыйлықты Еуропалық клубтар мен футбол агенттері қауымдастығы береді.

Марапаттау рәсімі 28 мамырға жоспарланған.