Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде Лаура Алмағанбетова келесі кезеңге өтті, деп жазады Olympic.kz.

57 келіде сынға түскен Лаура бірінші айналымда Оңтүстік Корея өкілін 10:0 есебімен ұтты.

Естеріңізде болса, Лаура Алмағанбетова Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионатында қола жүлде алған еді.

Бүгін кілемге шыққан қазақ балуандары арасынан Лаура Ғаниқызы жеңіліс тапты.