Астанада басталған дзюдодан Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан ерлер құрамасынан бір спортшы жұбаныш белдесуіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келі салмақтағы соңғы өкіліміз Елдос Сметов ширек финалда ресейлік Рамазан Абдуллаевқа қосымша уақытта есе жіберді.

Осылайша, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды.

Ал Қазақстан ерлер құрамасының өзге мүшелері турнирде толығымен жеңіліс тапты.

Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі