10 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өткізіледі.

Әлем чемпионаты элиталық дивизионы В тобында Қазақстан құрамасы Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.

Ал А тобында Канада, Финляндия, Швеция, Чехия, Дания, Норвегия, Австрия және Ұлыбритания шеберлік байқасады.

Бүгін А тобында Швейцария мен Норвегия, Чехия мен Финляндия кездессе, В тобында Словакия мен Германия, Швеция мен АҚШ ойнайды.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 11 мамырда Францияға қарсы өткізсе, бұл топтағы тағы кездесуде Польша мен Латвия мұз айдынға шығады.