«Боруссия» жартылай қорғаушысы Марко Ройс карьерасын МЛС-те жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі The Athletic басылымына сілтеме жасап.

34 жастағы неміске «Сент-Луис Сити» қызығушылық танытып отыр. Тараптар алдын ала келіссөз жүргізіп үлгерген.

Осы маусымда Ройс команда сапында 39 матч өткізіп, 8 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. Футболшы маусым соңында дортмундтық клубтан кетеді.