Түркияның Стамбул қаласында басталған күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу сынын қазақ балуаны сәтті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол өзбекстандық Махмұд Бакшиллоевты 5:0 есебімен ұтты.

Айта кетелік, іріктеу сынында алғашқы үш орынды иеленген спортшылар квотаға қол жеткізеді.