Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Римде (Италия) өтіп жатқан ATP 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шевченко бірінші айналымда Венгрия теннисшісі Фабиан Марожанмен (АТР рейтингінде 36-орын) кездесіп 6-3, 6-2 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.