Қазақстандық жеңілмеген жауынгер, NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Әліби Ыдырыс NAIZA және AMC Fight Night бірлескен турнирінде АСА-ның бұрынғы файтерімен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Оның қарсыласы бразилиялық Гилберту Диас атанады. Бұл туралы файтер Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Бразилиялық спортшы кейінгі жекпе-жегінде ACA 167 турнирінде Мехди Байдулаевқа жеңіліп қалды.