Жүйелі түрде қазақстандықтар Counter-Strike-тің ең беделді киберспорт турнирлерінде жүлделі орындарға ие болады. Жақында ICY-дің CCT Season 2 European Series #1 мен Lack1-дің Skyesports Masters 2024 жеңістері осының айқын дәлелі. Отандық кәсіпқой ойыншылар жарыстарда қомақты сыйақы алып жүр. Бірақ ең көп сыақыны кімдер алды?

Prosports.kz редакциясының тілшісі Мухин Даниил осыны анықтап, қазақстандық ең бай Counter-Strike ойыншыларының бестігін құрастырды

5 орын: Рустем mou Телепов.

Жеңіп алған сыйақысы: 294 108 доллар (~129 681 805 теңге).

Карьерасындағы ең үздік жетістігі: PGL Major Krakow 2017 әлем чемпионатында бірінші орын.

4 орын: Дәурен AdreN Қыстаубаев.

Жеңіп алған сыйақысы: 446 899 доллар (~197 052 338 теңге).

Карьерасындағы ең үздік жетістігі: PGL Major Krakow 2017 әлем чемпионатында бірінші орын.

3 орын: Тимур Buster Төлепов.

Жеңіп алған сыйақысы: 501 195 доллар (~220 993 214 теңге).

Карьерасындағы ең үздік жетістігі: Flashpoint Season 2 турнирінде бірінші орын.

2 орын: Алексей Qikert Голубев.

Жеңіп алған сыйақысы: 604 637 доллар (~266 604 164).

Карьерасындағы ең үздік жетістігі: Intel Extreme Masters Rio Major 2022 әлем чемпионатындағы жеңіс.

1 орын: Абай HObbit Хасенов.

Жеңіп алған сыйақысы: 859 300 доллар (~378 893 383 теңге).

Карьерасындағы ең үздік жетістігі: PGL Major Krakow 2017 әлем чемпионатында бірінші орын.