Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Римде (Италия) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Путинцева бірінші айналымда итальяндық спортшы Мартина Тревизанға қарсы шықты. Кездесу екі сетте 6-3, 6-4 есебімен қазақстандық қыздың жеңісімен аяқталды.

Ойынның ұзақтығы 1 сағат 44 минутты құрады.