Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Словакияның Трнава қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құламбаева грекиялық теннисші Сапфо Сакелларидимен жұптасып, Лаура Цилекова/Лаура Сватикова дуэтін 6:1, 6:4 жалпы есебімен жеңді.

Матч бір сағатқа созылды.