Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан ITF турнирдің жекелей сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финал матчында Ломакин ресейлік теннисші Егор Агафоновпен кездесіп, 7:6 (8:6), 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті.

25 жастағы қазақстандық спортшы қазір ATP рейтингінде 805-орында тұр.