2024 жылы Астанада өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақта әйелдер турнирінің финалдық жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл салмақта қазақстандық Аяжан Ермек пен өзбекстандық боксшы Феруза Шарипова алтынды сарапқа салды.

Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Аяжан жеңіске жетіп, алтын медальға қол жеткізді, Феруза Шарипова күміс медаль алды.