«Хетафе» «Манчестер Юнайтедке» тиесілі шабуылшы Мэйсон Гринвудты командада қалдырғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Ahletic мәліметінше, қазір клубтар жалға алу мерзімін ұзартуды талқылап отыр. Испаниялық клуб футболшы келесі маусымында Чемпиондар лигасында ойнағысы келетінін түсінеді және футболшыны сатып алуға тырыспайды.

Шабуылшының «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарты бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 2025 жылдың жазына дейін есептелген.