Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

60 кг салмақтағы Мағжан Шамшадин жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен кездесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті. Енді қазақстандық дзюдошы финалда Тәжікстан өкілі Мұхаммедсалех Куватовпен алтын жүлдеге таласады.

Мағжан Шамшадин өткен маусымның соңында жарақатына байланысты қатардан шығып қалған еді. Ол жарақатынан айығып, жақында ұлттық құрама сапына қосылды.

Еске салайық, Мағжан Шамшадин 2023 жылы Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған еді. Дзюдошы қазір олимпиадалық рейтингте 25-орында тұр.