Осы маусымның соңында «Милан» бас бапкері Стефано Пиолимен қоштасқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Николо Скираның ақпараты бойынша, клуб 58 жастағы Пиолимен келісімшартты бұзу бойынша жұмыс істеп жатыр. Маман «Наполиге» ұсынысқа ашық екенін хабарлаған. Бұған дейін неаполиліктер Пиолиге екі маусымға келісімшарт ұсынған болатын.

Стефано Пиоли «Милан» сапында 2019 жылдан бері жұмыс істейді және ол командамен бірге 2021/22 маусымында Италия чемпионы атанған.