«Барыс» ресейлік қорғаушы Эмиль Нургалиевпен келісімшартты тоқтатқаны туралы ресми хабарлады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Келісімшарт екі жақты келісім бойынша бұзылды.

Қорғаушы клуб жүйесінде екі жыл өткізді. Өткен маусымда Нургалиев 54 ойын өткізіп, нәтижелілік үшін 9 (2+7) ұпай жинады.