Alash Pride лигасының бұрынғы чемпионы Рүстем Құдайбергенов NAIZA лигасына ауысу және шетелде жұдырықтасу туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

«Alash Pride лигасында чемпион болдым. Бірнеше жарқын жекпе-жектер өткіздім. Қарсыласымды 10 секундта құлатқан кездерім де болды. NAIZA лигасына ауысу себебім? Бұл лига маған қатты ұнайды. Қазақстандағы мықты лигалардың бірі. NAIZA лигасына өзім хабарласып, ұсыныс жасадым. Болашақта NAIZA-ның белбеуін жеңу мақсат қойып отырмын. Содан кейін шетелде төбелесу жоспарда бар. Шетелдік лигаларда өнер көрсету туралы келіссөздер жүріп жатыр. Алланың қалауымен алдағы уақытта жақсы жаңалықтар болады», - деді файтер.