Бүгін Qazaqstan Hockey Open аясында хоккейден Қазақстан құрамасы Ресейге (U25) қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын ресейліктердің жеңісімен аяқталды - 1:0. 14-минутта Василий Глотов шайба салды.

2023 жылы командалар Qazaqstan Hockey Open аясында кездескен. Сол кезде «Ресей 25» 3:0 есебімен жеңген еді.

Қазақстан құрамасы осы турнир арқылы 10 мамырда Чехияда басталатын әлем чемпионатына дайындалып жатыр.