«Романың» бұрынғы бас бапкері Жозе Моуриньо Еуро-2024 турнирінің негізгі фавориттерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, ең мықты үш команда – Португалия, Франция немесе Англияның бірі жеңеді. Иә, тосынсыйлар болады, бірақ ойыншылардың сапасы мен санына қарап, менің ойымша, Португалия бұл турнирде жеңіске жетуі мүмкін», - деп келтіреді Моуриньоның сөзін Metro.

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияда өтеді.