Астанада Qazaqstan Hockey Open 2024 халықаралық хоккей турнирі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін Қазақстан құрамасы Ресей құрамасымен (U25) кездеседі.

Тікелей эфир Астана уақытымен 19:30-да басталады. Оны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, турнир 2-11 мамыр аралығында Омбы, Тула, Астана және Минск қалаларында өтеді. Qazaqstan Hockey Open турнирі 2-4 мамыр аралығында Қазақстанның астанасында өтеді.