Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (№59) Экс-ан-Прованстағы (Франция) Челленджер сериясы бойынша ірі турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей сында бірінші раундта Александр француз Грегуар Баррерді тура сеттерде сенімді түрде жеңді. Қорытынды есеп 6:3, 6:1.

Спортшылар кортта 1 сағат 9 минут уақыт өткізді.