Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға шыққан командалар анықталды, деп жазады Olympic.kz.
Ал Қазақстан құрамасы В тобында 3 ұпаймен соңғы орында қалды. Енді Георгий Верещагин шәкірттері элиталы дивизиондағы орнын сақтау үшін А тобында көш соңында қалған Норвегияға қарсы ойнайды. Кездесу 2 мамырға жоспарланған.
Айта кетелік, Қазақстан командасы топтағы соңғы ойында 3:11 есебімен Канада құрамасына жол берді.
Әлем чемпионатының ширек финалында төмендегі командалар өзара кездеседі:
АҚШ-Швейцария
Финляндия - Швеция
Канада - Латвия
Чехия - Словакия
Комментарии