Әлемнің 129-ракеткасы, қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Экс-Ан-Прованстағы (Франция) ATP турниріндің бірінші айналымында кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кукушкин аргентиналық теннисші Франсиско Комесанамен кездесіп, 4:6, 6:1, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 3 сағат 6 минутқа созылды.

Еске салайық, жақында Испанияның Тенерифе қаласында өткен турнирде қазақстандық теннисші финалда италиялық теннисші Маттео Гигантені жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанған болатын.