Жұлдызды украиналық боксшы Василий Ломаченко мансабын аяқтауды ойлап жүргенін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш салмақ дәрежесі бойынша 36 жастағы бұрынғы әлем чемпионының айтуынша, енді әрбір жекпе-жек оның соңғысы болуы мүмкін.

«Мен бұл спортпен көптен бері айналысып келемін. Тағы қанша жүретінімді айту өте қиын. Бұл менің денемнің тағы бір ауыр жаттығу мен тағы бір ауыр жекпе-жектен кейін қалай сезінетініне байланысты», - деді Ломаченко.

Естеріңізге сала кетейік, 12 мамырда Ломаченко жеңіл салмақтағы IBF тұжырымы бойынша бос титул үшін Джордж Камбососпен жұдырықтасады.