Мадридте өтіп жатқан халықаралық турнирде эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен жұптаған қазақстандық Александр Недовесов жұптық сайыстың екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші раундтық кездесуде Недовесов/Эскобар жұбы М.Мело (Бразилия)/Рам (АҚШ) дуэтінен басым түсті.
Матч 4:6, 6:3, 10:8 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, жекпе-жек 1 сағат 25 минутқа созылған.
Комментарии