Бүгін, 30 сәуірде регбиден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Қатар құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 33:31 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің бірінші дивизионының матчы Шри-Ланкада өтті.

Турнирдің финалында Қазақстан құрамасы Үндістан – Шри-Ланка кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, 1-22 маусым аралығында ең мықты топта Оңтүстік Корея, Малайзия, Гонконг және БАӘ командалары өнер көрсетеді.