Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Гуанчжоуда өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жуқаев бірінші айналымда беларусь теннисшісі Егор Герасимовпен кездесіп, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 18 минутқа созылды.

Айта кетейік, келесі айналымда Жұқаев жергілікті теннисші Ригель Теге қарсы ойнайды.