27 сәуірде Алматыда өткен «IBA чемпиондар түні» турниріндегі жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов (6-0, 2 КО) Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ардақты ағайындар, ең алдымен баршаңызды құттықтаймын! Елімнің намысын абыроймен қорғағаныма ризамын. Бұл біздің ортақ жеңісіміз!Барша қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді, сіздердің қолдауларыңыз мені жеңіске жетеледі», — деп жазды Нұрдәулетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бекзад доминикандық Луис Антонио Техедамен (9-0-1, 6 КО) жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен сенімді жеңіске жетті.

Нұрдәулетов – 2019 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы. Бекзад кәсіпқой ретінде WBO «жастар» белбеуін жеңіп алды.