Қазақстанның теннисші Юлия Путинцева Мадридте (Испания) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымдағы кездесуде Юлия америкалық теннисші Кэролайн Доулхайдтты (WTA рейтингінде 56-орын) екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды.

Айта кетейік, бүгін турнирде Елена Рыбакинада өнер көрсетті. Елдің үздік теннисшісі мысырлық Майяр Шерифті 6-1, 6-4 есебімен жеңді.