Фуджейрада (БАӘ) семсерлесуден Азияның іріктеу турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық семсерлесуші Әйгерім Сарыбай 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.

Отандасымыз финалда гонконгтық Винг Киу Чуды 15:13 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан спорттың бұл түрінен бесінші квотаға ие болды. Бұған дейін семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиада лицензиясын алған болатын. Одан бөлек тағы үш лицензия бар.