Футболдан Қазақстан чемпионатының 6-туры аясында «Қайсар» өз алаңында «Қайратты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды алаң қожайындары сапынан Айбар Жақсылықов соқты.

QFL OLIMPBET Премьер-лига. 6-тур.

«Қайсар» (Қызылорда) – «Қайрат» (Алматы) – 1:0 (0:0)