Шабуылшы Килиан Мбаппе Фрацияда өтетін Олимпиадаға қатыса алмауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
AS мәліметінше, «Реал Мадрид» ПСЖ шабуылшысымен келісімшартқа қатысты барлық қажетті мәселелерді шешкен. Шарттардың бірі – француз футболшысы Париж Олимпиадасына қатыспайды.
«Реал Мадрид» Франция футбол федерациясына Мбаппені Олимпиада ойындарына жібермейтінін айтқаны атап өтілді.
Сондай-ақ мадридтік команданың франциялық басқа ойыншылары да клубтың позициясына байланысты Олимпиадаға қатыспайтыны хабарланды.
Комментарии