Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Мадридтегі турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шевченко бірінші айналымда француз Артур Риндеркнехті 6:4, 5:7, 6:3 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 2 сағат 19 минутқа созылды.

Келесі айналымда Шевченко испандық Карлос Алькарасқа қарсы ойнайды.