Футболдан Түркия кубогының жартылай финалында «Анкарагюджю» өз алаңында «Бешикташты» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Анкарада өткен кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

«Бешикташтың» қазақстандық жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов ойынға қатысатын құрамға кірген жоқ. Бұған дейін оның жаттығу кезінде алған жамбас жарақатынан айығуын жалғастырып жатқаны хабарланған болатын.

«Бешикташ» пен Анкарагюджү арасындағы қарымта ойын 7 мамырда Ыстамбұлда өтеді. Екі ойынның жеңімпазы финалда Трабзонспор - Фатих Карагумру жұбының жеңімпаз командасымен кездеседі.