Өзбекстан жастар құрамасы 23 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Азия кубогында топта бірінші орынмен ширек финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңнің соңғы турында өзбектер Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ұтты.
Әлішер Одилов дубль авторы атанса, тағы бір голды Русланбек Жиянов соқты.
Осылайша, D тобында 23 жасқа дейінгі Өзбекстан құрамасы үш кездесуде де жеңіске жетіп, бірінші орынға ие болды.
Комментарии