Қазақстан бокс федерациясы президентінің жарлығымен Тукешов Жалғас Бөкенбайұлы республикалық федерацияның бірінші вице-президенті қызметіне тағайындалды.

«Жалғас Тукешов бокс жанкүйерлеріне танымал маман, көп жыл бойы кәсіби бокс кештерін ұйымдастыруымен айналысып, промоутерлік қызмет атқарған. Бокстан ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен. Қазақстан Республикасының спорт шебері», - делінген федерацияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өткен айда Қазақстан бокс федерациясы президенті тізгінін Шахмұрат Мүтәліп ұстаған еді. Бұған дейін федерацияны Кеңес Рақышов басқарды.

Сондай-ақ, бокстан Сидней Олимпиадасының күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті лауазымына тағайындалды.