«Қайрат» президенті Қайрат Боранбаев «Ақтөбеге» қарсы ойында төрешілердің жұмысына көңілі толмады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Матчты қызылордалық Данияр Сахи бастаған төрешілер тобы басқарды.

«Төрешілер Қайратты өлтірді». Мұндай төрешілікпен Қазақстанда футбол дамымайды», - деді Боранбаев матчтан кейінгі баспасөз мәслихаты алдында журналистерге.

Естеріңізге сала кетейік, ақтөбеліктер сырт алаңда «Қайратты» 3:1 есебімен жеңген болатын.