Мадридтік «Реал» «Интердің» 25 жастағы орталық қорғаушысы Алессандро Бастониге көз тігіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Tuttosport басылымына сілтеме жасап.

Tuttosport ақпараты бойынша, италиялық футболшыныға мадридтік команданың бас бапкері Карло Анчелотти жеке қызығушылық танытып отыр.

«Интер» Бастони үшін 80 миллион еуро талап етуі мүмкін екені айтылған.