Гонконгта дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Қазақстандық Абиба Әбужақынова мен Нұрқанат Серікбаев жарыстың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күш сынасады. Қарсыласы моңғолиялық Баасаху Бавудорж.

Серікбаев 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдық белдесуде өнер көрсетеді.