Магнитогорскіде Гагарин кубогының финалдық сериясындағы алғашқы матчта жергілікті «Металлург» ярославльдік «Локомотивті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Үшінші кезеңде магнитогорскілік клубтың қазақстандық шабуылшысы Никита Михайлис шайба салды, ол есепті теңестірген болатын.

Еске салайық, «Металлург» Гагарин кубогының финалына бесінші рет шығып отыр. Екі рет кубок иегері атанған.