Санкт-Петербургтік «Зенит» Ресей кубогының РПЛ жолындағы 1/2 финалының қарымта кездесуінде өз стадионында мәскеулік «Спартакпен» тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 0:0 есебімен тең аяқталды, бірақ екі матчтың қорытындысы бойынша петерборлықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, «Зенит» РПЛ жолының финалында мәскеулік ЦСКА-ға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының көшбасшысы Нұралы Әліп «Зениттің» қосалқы құрамында қалды.
Комментарии