Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Алматы облысындағы Akbulak Olympic Center базасында оқу-жаттығу жиындарын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл Елдос Сайдалиннің бас бапкер ретіндегі алғашқы ОЖЖ.

Бағдарламаға қарқынды жаттығулардың жаңа жиынтығы қосылды. Басты мақсат – Тайландта өтетін лицензиялық турнирге сапалы дайындық.

Естеріңізге сала кетейік, жолдамалар сарапқа салынатын соңғы жарыс Бангкокта өтеді.